25 ақпанда Жас ғалымдардың үздік инновациялық жобаларын анықтауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, шығармашылыққа, студенттік өзін-өзі басқаруға, спортқа белсенді қатысатын студенттерді анықтау және ынталандыру үшін бірыңғай біріктіруші алаң құруға бағытталған жоба шеңберінде «Bolashaq» академиясының 3 курс студенті Кожахметов Марлен «Студенттік өзін-өзі басқару» секциясында «ТМД-2022 үздік студенті»деп танылды. Қазақстан ғалымдары конгресінің қолдауымен «Бөбек» жалпыұлттық […]
Жаңалықтар
25 ақпанда ҚарУ – да студенттік өзін-өзі басқару органдарының өңірлік форумы өтті. Форумның негізгі мақсаты студенттік ортадағы жастар ұйымдарының рөлі және жастар саясатын іске асыру болды. Іс-шараларға облыстың 9 ЖОО-ның студенттік ұйымдары қатысты. Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясының студенттік ұйымдарының үйлестірушілері (Сыздық Анияш, Әбілжанов Әділет, Әбдірейім Қанағат) қатысты. Форум барысында тақырыптық […]
«Bolashaq» академиясының студенттері Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым» атты видео-челленджді? бастады. Челлендж Instagram желісі арқылы белсенді түрде таратылатын болады. Студенттер өздерінің бейне үндеулерінде академия оқытушыларына, кураторларына, сондай-ақ туыстары мен достарына алғысын білдіруде.
18.02.22 ж. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттер арасында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Д.Б. Нұртаеваның жетекшілігімен «Мамандығым – мақтанышым» атты кездесу өтті. Кездесуге Ғылыми зерттеулер және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы орталығының басшысы з.ғ.к., доцент Е.Е. Серімов шақырылды. Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл кездесудің мақсаты студенттердің таңдаған мамандығы бойынша өз пікірін қалыптастыру, ойын еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу болды. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр […]
2022 жылғы 12-14 қаңтар аралығында «Bolashaq» академиясында «Қазақстан Республикасының білім беру стандартының нормаларына сәйкес сабақты жоспарлау» тақырыбында семинар өтті. Бастамашы және ұйымдастырушы педагогика ғылымдарының кандидаты Ж. М. Мамерханова болды. Семинарға «Бастауышта оқыту психологиясы, педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ барлық педагогикалық мамандықтардың ОӘК мүшелері […]
Қазіргі әлемдегі жағдай білім алушыларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіруді ұйымдастыру тәсілдерін айтарлықтай түзетуді, өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеудің жаңа нысандары мен әдістерін іздеуді талап етеді. Осы өзекті мәселелерді талқылауға, оларды шешудің прогрессивті тәжірибесін анықтауға педагогикалық қоғамдастық пен ата-аналарды Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты шақырады. 2022 жылғы 23 ақпанда «Жас адамды тәрбиелеудегі рухани […]
23 ақпанда «Bolashaq» академиясының студенттік ұйымдарының үйлестірушілері coworking орталығында кездесу өткізді. Кездесу барысында II оқу семестріне жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар, ұйымдардың облыстың басқа жоғары оқу орындарымен байланысты барынша кеңейтуі маңызды екені атап өтілді. Кездесу соңында студенттер ұйымдарының көшбасшылары академия басшылығына атқарылған жұмыстарға көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.
2022 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мектептері және жоғары оқу орындарының көп мәдениетті білім беру ортасында оқушының жеке басын оқыту, тәрбиелеу және дамытудың өзекті мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинардың кезекті отырысы өтті. Кезекті ғылыми-әдістемелік семинарды РХДУ кафедрасы (Ресей Федерациясы) және «Bolashaq» академиясының гуманитарлық педагогика орталығы (Қазақстан Республикасы) […]
Әуесқой композиторлардың облыстық онлайн байқауы талантты әуесқой композиторларды іздеу және қолдау, түрлі жанрлар мен бағыттардағы авторлық музыкалық шығармаларды насихаттау, Қарағанды облысы халқының шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында өткізіледі.Конкурсты өткізу шарттарыӘуесқой композиторлардың облыстық онлайн байқауы 2022 жылдың 10 ақпаны мен 10 наурызы аралығында өткізіледі. қорытынды шығару және марапаттау рәсімі 2022 жылдың 18 […]
2022 жылғы 20 ақпанда Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде «Заковат» зияткерлік ойыны шеңберінде «Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің Кубогы – 2022» турнирі өтті, оған біздің академияның, Астана медицина университетінің, ҚазМЗУ, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің студенттік командалары қатысты. Академия студенттері екінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!
17.02.2022 жылы 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламаларының оқу жоспарына сәйкес 1 курс студентеріне оқу (танымдық) практиканың, 2 курс студентеріне психологиялық-педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өткізілді. Практика елімізде болған төтенше жағдайға байланысты ауылдық жерде тұратын студенттерге […]
Осы жылдың 18 ақпанында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде профессор И. Ш. Борчашвилидің редакциясымен ҚР Қылмыстық кодексіне ыңғайластырылған жаңа комментарийдің тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры Дулатбеков Нурлан Орынбасарович құттықтау сөз сөйледі. Біздің академиядан заң пәндері кафедрасының профессорлары Қабжанов А. Т., Рысмағамбетова Г.М. және Әбдіжами […]
Ақпанның 1 – і мен 14-і аралығында» Bolashaq » академиясы студенттері арасында онлайн форматта Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауы өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты Ахмет Байтұрсыновтың дүниетанымын және оның рухани мұрасын жастар арасында насихаттау, алғашқы қазақ тілтанушы-ғалымының адамгершілік өмірімен, қайраткердің бай өлеңдік – поэтикалық шығармашылығымен таныстыру болды. Екі апта […]
17 ақпан күні «Bolashaq» академиясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған» «Латынша жазып үйренейік» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингті қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры К.З. Сембиев өткізді.
16 ақпанда «Bolashaq» академиясының ӘТЖ жөніндегі проректоры Р.Н. Исмаилова, және академия дәрігері С.Г. Куур студенттермен кездесу өткізді. Студенттерге Сovid-19 вирусының таралуын болдырмау жөніндегі әлеуметтік шаралар, ұжымдық иммунитетті қалыптастырудағы вакцинация мен ревакцинацияның маңыздылығы туралы айтылды. Сонымен қатар, студенттерге дәрумендердің ағзаға пайдасы туралы айтылып, «аскорбин» дәрумендері берілді.