«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран»

2022 жылғы 14 қазанда Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бегелдинов атындағы Қарағанды Республикалық “Жас ұлан” мектебінің базасында Алматы, Шымкент қалаларының, Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінің, Қарағанды қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің және т.б. өкілдерінің қатысуымен жыл сайынғы “Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран” республикалық конференциясы өтті.

“Жас ұлан” республикалық мектептері мемлекеттік, шет тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытатын және дене шынықтыруды күшейтетін жалпы орта білім беру бағдарламасын іске асыратын оқу орындары болып табылады.

“Bolashaq” академиясы мен “Жас Ұлан” Қарағанды республикалық мектебі арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында пленарлық бөлімде “Педагогика”кафедрасының меңгерушісі Асакаева Дана Саламатқызы мектептер мен ғылымның өзара әрекеттестігі қажеттігін атап көрсете отырып “Әлеуметтік өмір және мектеп – тәрбие үшін қолайлы орта” баяндамасымен сөз сөйледі.

Д С. Асакаева білім беру процесінің барлық қатысушыларының қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіздіктің белгілі бір түрлерінің (зияткерлік, рухани, адамгершілік-этикалық, психологиялық, педагогикалық, этникалық, физикалық, еңбек, басқару) жиынтығы ретінде білім беру ортасының кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін өзгерту қажеттілігі туралы айтып берді. Д.С. Асакаева педагогтар мен білім алушылардың психологиялық жайлылығының негізі ретінде психологиялық қауіпсіздіктің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сөз сөйлеу барысында Д.С. Асакаева мұғалімдердің кәсіби дамуының оқу-тәрбие процесіне оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістемелерін енгізу, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жаңа тәсілдерді, әдістемелер мен инновацияларды оқыту шеңберінде академия тарапынан мектепті ғылыми сүйемелдеудің перспективаларын ұсынды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.