2022 жылдың 12 қазанында «Bolashaq» академиясы №17 жалпы орта білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Жұмысты фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы Адалбекова Б.О., қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Смагулова М.С. және шетел ғылымдары кафедрасының профессоры Оразғалиева Г.Ш. өткізді. Кафедра оқытушылары академияға түсу, төлемақы, барлық мамандықтар және бейіндік пәндер туралы ақпарат берді. Орыс және қазақ бөлімдерінің 11-сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға академияның азық-түлікпен де материалдық көмек көрсететіндігі, түрлі спорттық іс-шараларға, ғылыми конференцияларға және түрлі жарыстарға қатысатын студенттерге қолдау көрсетілетіндігі туралы мәлімет берілді. Мұғалімдер студенттер үйі,студенттердің тұрмыстық жағдайына қолайлы жағдай жасалатыны туралы да айтып өтті. Жұмыс соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
You may also like
“EDP Hub (Идипи Хаб)” ЖШС компаниясы-Білім беру платформасын әзірлеуші E-UNI.KZ пен оқу және кәсіби әдебиеттер баспасы https://e-uni.kz / ресурсына тестілік қол жетімділікті […]
2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы Кеңес Одағының ғалым-геологы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың […]
Мен, Алматұлы Ақжол, Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студентімін. 2023 жылғы 24 қаңтарда мен […]
27 қыркүйек күні сағат 15:00-де Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті бас корпусының студенттер сарайында (2 қабат) шахматтан Халықаралық спорт шебері (IM) Бауыржан […]