2019 жылдың 28 қарашасында “Bolashaq” академиясында “Гарант” ЖДҚБ бастамасымен “Қарағанды облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды өткізу”тақырыбы бойынша мемлекеттік грантты іске асыру нәтижелері туралы жария есепті талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел аясында мемлекеттік грантты іске асыру нәтижелері, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы […]
Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы-Көшбасшы Н.Ә. Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында п.ғ.к., профессор Данияров Т.Ә., ф.ғ.к., профессор Сембиев Қ.З., п.ғ.к., аға оқытушы Жолдасбекова Б.А. ағылшын тілінде жазылған «ЖОО-ғы білім мазмұны және оқыту технологиясын жасау» атты оқу құралының мақсаты магистранттардың қазіргі Қазақстандағы ЖОО кәсіптік білім беру концепциясы мен оны […]
“Bolashaq” Академиясының заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А. Л. Хан “Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғырту жағдайында сотқа дейінгі тергеу негіздері” атты қашықтықтан білім беру бағдарламасын орыс тілінде “қылмыстық процесс” пәні бойынша 72 сағат көлемінде әзірледі. Ұсынылған тақырыпты қосымша зерделеу қажеттілігі мемлекеттің қылмыстық-құқықтық саясатын реформалаудың жалғасуымен […]
2019 жылдың 6 желтоқсанында “Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ және “Нұрлы білім” ҚБ діни-құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту семинар-тренинг өткізді. Семинарға әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Б. Б. Ахметова, “Руханият” ҒЗО директоры А. У. Аупенова және “қаржы” кафедрасының аға оқытушысы А. З. Апеева қатысты. “Нұрлы білім” ҚБ теологы, дінтанушы, тарихшы […]
2019 жылғы 28-30 қарашада “Рухани Жаңғыру” бағдарламасын іске асыру бойынша аймақтық жобалау кеңсесінде “Қарағанды өңірінің стратегиялық субъектілері қызметінің тиімділігін бағалаудың инновациялық құралдары”бағыты бойынша семинар өткізілді. “Bolashaq” академиясының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Смолькина Т. П., “Руханият” ҒЗО директоры Аупенова А. У., топ студенттері қатысты. ИН-18-1 Ахметова Дана және […]
«Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 28 қараша 2019 жылы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Дауылпаз ақын тағылымы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізген болатын. Аталмыш конференцияға ЖОО оқытушылары,магистранттар мен студенттер және мектеп мұғалімдері қатысып, Сәкен Сейфуллин туралы мол ақпаратпен сусындады. Академиямыздың профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы алғыс […]
Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының аға оқытушысы Г. Т. Таликова 2019 жылы 18-19 қарашада “Назарбаев Университеті” ДББҰ базасында білім беру бағдарламаларын (curriculum design) және силлабустарды (syllabus design) әзірлеу бойынша семинар-тренинг өткізді. Мақсаты: жоғары оқу орындарында академиялық саясаттың тиімділігін арттыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттілікті дамыту. Іс-шара форматы: стратегиялық сессия, […]
«Ел болам десең қазақ, бесігіңді түзе»,– деген Мұхтар Әуезовтың қанатты сөзі бүгінде де өз маңыздылығын жоғалтпаса керек. Олай деудің де себебі бар. Тәрбие тал бесіктен басталатыны бесенеден белгілі десек те, ұлттық мүдде мен ұлттық кодтты өскелең ұрпаққа ұлағаттауда олқылықтар орын алып жататыны рас. Ақпараттың қайнаған ортасына айналған цифрлы заманда классикалық […]
2019 жылы 22 қарашада №6 ЖОМ – де жазушы, ақын Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған “Бейімбет-ұлт жазушысы” атты кездесу кеші өтті. Оқушылар алдында филология ғылымдарының кандидаты, профессор Құрманғазы Закирович Сембиев сөз сөйледі. Сонымен қатар, қазіргі қазақ тілінің мәселелері де қозғалды. Кафедраның аға оқытушысы Ерзат Молдабекұлы Ермагамбетов Бейімбет Майлиннің ұлттық болмыстың […]
2019 жылғы 25-26 қараша күндері аралығында Coursera платформасында және АҚШ Елшілігі жанындағы ағылшын тілінің аймақтық офисі KazTEA нұсқаушыларымен бірге онлайн-курстардың (МООСѕ) онлайн-ресурстарының көмегімен ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қатысушылардың тренингі өтті. Оған “Bolashaq” академиясының біліктілікті арттыру орталығының директоры Анна Николаевна Калижанова қатысты.
2019 жылдың 22 қарашасында жалпы білім беретін пәндер кафедрасы «100 жаңа оқулық және саяси-әлеуметтік, мәдениеттану пәндері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Кафедра оқытушылары, барлық білім беру бағдарламарының 1 курс студенттері, «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы А.У. Аупенованың қатысуымен өтті. Кафедраның аға оқытушысы А.Б. Косманова отырыстың мақсатымен таныстырып, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ […]
2019 жылы 25 қарашада Шымкент қаласындағы Мирас университетінде АҚШ Елшілігінің және Орта Азиядағы ағылшын тілінің аймақтық кеңсесінің (RELO) қолдауымен American English Mocs Facilitator ‘ s Training бағдарламасы қатысушыларының кездесуі өтті. Бағдарламаға қатысушылардың бірі біліктілікті арттыру орталығының директоры Анна Николаевна Калижанова болды. Бағдарламаның мақсаты-болашақ және жұмыс істеп тұрған ағылшын тілі мұғалімдерінің […]
“Bolashaq” академиясының мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының аға оқытушысы Сарбасова Қалимаш Амангелдіқызы “педагогтарды өзін – өзі тәрбиелеу және кәсіби шеберлікті қалыптастыру” тақырыбында өзін-өзі тану пәні бойынша ашық сабақ әзірлеу жоспарын ұсынып, байқауға қатысып, “құрметті мұғалім-2019″байқауының жеңімпазы атанды. Біздің әріптесіміз І дәрежелі дипломмен марапатталды. “Құрметті мұғалім – 2019” республикалық конкурсының […]
2019 жылы 21 қараша күні «Этнопедагогика және этнопсихология» пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері». Пән мұғалімі: Арунова Ж.А. Ашық сабақ ПиП 19-2 және ПиП 19-2к топтарымен өтті. Сабаққа арнайы психолог қатысып, сабақ соңында өз пікірін білдірді.
Ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан Ақселеу Сейдімбек атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауы өткен болатын. Аталмыш шараға академиямыздың қазақ тілі әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Е.М. Ермағамбетов проза жанры бойынша бағын сынап, жүлделі 2 орынға табан тіреді. […]