Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

2019 жылдың 22 қарашасында жалпы білім беретін пәндер кафедрасы «100 жаңа оқулық және саяси-әлеуметтік, мәдениеттану пәндері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Кафедра оқытушылары, барлық білім беру бағдарламарының 1 курс студенттері, «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы А.У. Аупенованың қатысуымен өтті.

Кафедраның аға оқытушысы А.Б. Косманова отырыстың мақсатымен таныстырып, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында оқулықтарды қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулармен, «Әлеуметтану» курсы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мемлекеттік бағдарламада анықталған қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерін шешуге, студенттердің бойында әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған білім беру модулінің құрамдас бөлігі болып табылатынын айта кетті.

Студенттер оқулықтармен танысып, оның ішінде «Әлеуметтану» курсының ИН-19-2 тобының студенттері Султанова Аяжан, Тілейхан Жұлдыз, Амантаева Аяна, Кәдірбай Рабиға, Дюсупова Лаура, Адай Аяулым, Ю-19-2 – Кожахметов Марлен, ПиП-19-2,2к – Қали Қорлан, Сатан Зере, Фм-19-2 – Картабаева Гүлжан жеке тақырыптары бойынша өз пікірлерін білдірді.

Кафедра меңгерушісі Е.Б. Касенов, профессор Н. Елікбаев жаңа оқулықтарды оқу жүйесінде пайдалану туралы пікірлерін білдіріп, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айқындалған қазақстандық қоғам үшін ең маңызды бастамалардың бірі болып табылатынын айта кетті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.