“ТІЛ-ҚАЗЫНА-2023” Олимпиадасының қорытындысы

17.03.2023 ж. сағат 10.00-де MOODLЕ платформасында онлайн форматта “Bolashaq” Академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы “ТІЛ-ҚАЗЫНА-2023” олимпиадасының екінші кезеңін өткізді (сілтеме бір күн бұрын жіберілген).

“Тіл қазына-2023” байқауына дайындық жоспарлы түрде жүргізілді.Конкурсқа жауапты аға оқытушы Б. А. Абылбаева конкурс материалдарын, актіні дайындады, өтінім жұмыстарымен танысты, Академия баспасына алғыс хаттар мен сертификаттарға өтінімдер берді.

Комиссия төрағасы болып кафедра меңгерушісі, профессор Сембиев Қ.З. тағайындалды, комиссия мүшелері болып кафедра доценті Абдрахманов Р. Х., ф. ғ. к., доцент Баймурынов Ж. М., кафедра доценті Исмаилова Р. Н., аға оқытушы Абылбаева Б.А. сайланды.

Екінші кезеңді өткізу рәсімінде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сембиев Құрманғазы Закирович құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. “2023 жыл-Ауыл жылы” атты ауыл, туған өлке тақырыбындағы көркем шығармалар мен публицистикалық шығармалардан монологтарды оқу олимпиадасына(үзіндінің көлемі кемінде 300-350 сөз, уақыт ұзақтығы 2 минут, жатқа оқу) 2 турға өткен барлық оқушылар қатысты.

Қорытындылай келе, “ТІЛ-ҚАЗЫНА 2023” байқауының жеңімпаздары келесі нәтижелерге қол жеткізді:

1 орын-1 жылдық оқу ақысына 100% жеңілдік;

Болат Диляра Ерланқызы (Қарағанды қ., Әлихан Бөкейханов ат. ЖББМ);

2 орын-1 жылдық оқуға 50% жеңілдік;

Асқарова Әлия Ғазизқызы (Бұқар Жырау ауданы, Шешенқара ауылы, Шешенқара орта мектебі КММ);

3 орын-1 жылдық оқуға 25% жеңілдік.

Қапас Шұғыла (Қарқаралы қ., О.Жәутіков атындағы №1 қазақ мектебі).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б. А. Абылбаева байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға сертификаттар мен жетекшілерге алғыс хаттар берілетінін, жеңімпаздарды құттықтап, оларға жақсы жол тілейтінін айтты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.