Қаңтар айының басында “Еуропалық құқық пен Еуропа Кеңесі құқығының өзекті мәселелері” атты студенттік конференцияның қорытындысы шығарылды. Аталмыш іс-шара Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты және еуропалық оқу институтының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22-24 желтоқсан айы аралығында онлайн-форматта өткен болатын.

Конференция барысында студенттер өзекті баяндамаларын ұсынды. Сонымен қатар, модераторлар дәріс оқыған болатын. Ресей мен шет елдердің, соның ішінде Франция, Беларусь, Армения және Қазақстанның 30-дан астам түрлі жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
“Bolashaq” академиясының атынан “Құқықтану” кафедрасының студенттері Жанабаев Данияр Кунекбаевич және Жуматаев Ерасыл Ерболович қатысты. Студенттеріміз “Қазақстан және Еуропалық Одақ: құқықтық қатынастарды дамыту перспективалары” тақырыбындағы баяндамаларын оқыды. Ғылыми жетекшісі – заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы.
Іс-шара қорытындысы бойынша студенттеріміз I орын алып, дипломдармен марапатталды, іс-шараны ұйымдастырушылар ұсынылған баяндамаға жоғары баға берді және ресейлік және қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Еуропалық құқық саласындағы ғылыми ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.


“Bolashaq” академиясы Данияр мен Ерасылға және олардың ғылыми жетекшісі Ақылбек Тайболатұлына жаңа жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейді!