Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды

Қарағанды өңірінде медициналық қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен білім беру мекемелерінің оқытушылары мен қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті және күш құрылымдарының қызметкерлеріне COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация жүргізіліп жатыр.


   14 қаңтар күні Bolashaq академиясының оқытушылары мен қызметкерлері Clinic Miras емханасында ревакцинация жасады.


    Медицина мамандарының айтуынша, ревакцинация ағзада қалыптасқан иммунитетті қайта қалпына келтіреді. Инфекциядан қорғану жүйесін арттырады. Сол себепті үшінші кезең бойынша екпе алатындарға бір ғана дозадан вакцина салынады. Егер ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін жаппай вакцина салдырсақ, әрқайсымыздың Covid-19 пандемиясын тоқтатуға қосқан үлесіміз  болар еді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған