13 қазанда online режимінде Philology Island үйірмесінің алғашқы отырысы өтті.
Бір академиялық сағатты студенттер сөзге деген сүйіспеншілік аралында (Philology Island) өткізді, онда тіл, әдебиет және ғылым туралы айтылды.
Үйірменің бірінші отырысы аясында 2020-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, келесі отырыстың аңдатпасы ұсынылды, сондай-ақ әңгімеге сыни талдау жүргізілді.
Даниил Хармстың қысқа философиялық әңгімесі ирониялық стильде адамның мәнін білдіреді. Талқылау барысында студенттер мен оқытушылар жолдар арасында жасырылған авторлық идеяларды іздеді, нәтижесінде олар оқиғаның күрделі атауын шеше алды.
Үйірменің онлайн-отырысына күндізгі бөлімнің студенттері : Цанцураева Лейла, Суровцев Данил, Ассилова Сабина, Макарчук Яна, Апостолова Анастасия, Базаров Руслан, Ермек Толғанай, Мухамеджанов Әділ, қашықтықтан және сырттай оқу студенттері Сагымбекова Салтанат және Саулехан Айгүл қатысты.
Шет тілдер және МК кафедрасының аға оқытушысы Калижанова Анна Николаевна және Philology Island үйірмесінің жетекшісі Хомутова Асель Куатовна студенттермен әдеби сұхбатқа белсенді қатысты.
Үйірменің онлайн-отырыстары өтетін, сондай-ақ әңгімелер мен басқа да материалдар берілетін Moodle платформасында philology Island арнайы курсы құрылды.
Үйірменің келесі кездесуі 30 қазанға жоспарланған. Біздің онлайн арал өз қатысушыларын күтуде!