03.02.2022 жылы тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының оқытушылары Т.В. Питимирова мен А.Б. Әбілжан күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырды.

Кураторлық сағаттың мақсаты студенттердің дұрыс және салауатты өмір салты туралы түсініктері мен білімдерін қалыптастыру болды. Осы тәрбиелік іс-шараны өткізу барысында оқытушылар:
- студенттердің дені сау болу – өзінің, жақындарының және қоғамның алдындағы парызы екенін түсінуіне;
- білім алушылардың дені сау болу қажеттілігі туралы өз көзқарасын түсінуіне көмектесуге;
- салауатты өмір салты үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыруға;
- студенттердің салауатты өмір салты ғана біздің өмірімізді ұзарта алады деген қорытындыға келуіне ықпал етуге тырысты.
Кураторлық сағатқа шет тілдер факультетінің 1-3 курс студенттері белсене қатысты. Студенттер «Денсаулық» деген не, «Салауатты өмір салты» ұғымына не кіреді, оны қалай сақтауға болады және тағы басқа мәселелер туралы өз пікірлерімен бөлісті.
.