“ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2021” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

2 ақпан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – да ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен “ЖОО-ның үздік оқытушысы-2021” байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы республикалық байқауға еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 718 педагог қатысты, олардың 150-і жылдың үздік оқытушылары болды.Жүлдегерлердің әрқайсысына арнайы төсбелгі мен ақшалай сыйлық берілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл байқауға “Bolashaq” академиясының “Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация” кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ибраева Баян Мұқышқызы қатысты.

Баян Мұқышқызын осы байқаудағы лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және оған шығармашылық және ғылыми табыстар тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.