2020 жылғы 25 қарашада «Руханият» ҒЗО директоры, ҚХА ҒСТ мүшесі Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық тобының офлайн-отырысына қатысты.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
– 2020 жылғы 11 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген мәселелерді талқылау.
-2020 жылы Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының өткізген іс-шараларын талқылау.
-Қарағанды облысы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау. Қызмет келесі бағыттар бойынша жоспарланады:
Қаңтар – «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі».
Февраль – «Мың тағдыр – бір ел», «Единство общества и права гражданина – приоритеты внутренней политики современного Казахстана», посвященные Дню благодарности.
Ақпан – Алғыс айту күніне арналған «Мың тағдыр – бір ел», «Қоғам бірлігі және азамат құқығы – қазіргі Қазақстанның ішкі саясатының басымдықтары».
Наурыз – «Қазақтану «тұжырымдамасын іске асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі»; Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Студент жастар – Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ресурсы» әлеуметтік жобалар конкурсы, «Студенттік Достық фестивалі».
Сәуір – «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – жастар көзімен»; «Бір халық-бір ел – бір тағдыр»атты аймақтық ЖОО аралық ғылыми – тәжірибелік конференция.
Мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын, «Алаш» партиясының интеллигенттері Әлихан Бөкейхановты, Әлімхан Ермековты еске алу күніне арналған «Болашақ үшін есте сақтау» ҚХА ғылыми еңбектерінің жинағы.
Тамыз -қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған үздік ғылыми жобаның облыстық байқауы; «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқатының кепілі» ғылыми-практикалық форумы.
Қыркүйек-желтоқсан – «Қазақстан-бейбітшілік пен келісім аумағы»дөңгелек үстелдер топтамасы.
Желтоқсан – «Қазақстан-менің Отаным»атты республикалық студенттік ғылыми – практикалық конференция.
Аталған іс-шараларға қатысу 2021 жылға арналған «Руханият» ҒЗО жұмыс жоспарына енгізілетін болады.
«Руханият» ҒЗО директоры А. У. Аупенова