«School Life and Future Career» тақырыбындағы сөйлеу клубы

Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының сөйлеу клубының жұмыс жоспарына сәйкес «School Life and Future Career» тақырыбында сөйлеу клубы өткізілді. Аталған іс-шара кафедраның аудиториядан тыс жұмысы аясында ұйымдастырылып, білім алушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын, коммуникативтік құзыреттілігін және кәсіби өзін-өзі анықтау қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Клуб жетекшісі – Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы Әльжанова А. Ы. Сөйлеу клубын ИН-23-1 тобының студенті Қаржаубаев Даниель жүргізіп, интерактивті пікірталастың модераторы және ұйымдастырушысы болды.

Іс-шараға Қарағанды қаласындағы «Azmar Premium» жекеменшік мектебінің 11-сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында мектеп өмірінің ерекшеліктері, оқу жетістіктері, кәсіби қызығушылықтар және болашақ жоспарлар талқыланды. Қатысушылар диалогқа белсенді қатысып, өз көзқарастарын ағылшын тілінде дәлелдеп, спонтанды сөйлеу дағдыларын жетілдірді.

Клуб бағдарламасы жұптық және топтық талқылауларды, шағын презентациялар мен коммуникативтік тапсырмаларды қамтыды. Іс-шара ашық қарым-қатынас пен ынтымақтастық атмосферасында өтті.

Осындай кездесулерді өткізу білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының имиджін нығайтуға, қала мектептерімен серіктестік байланыстарды кеңейтуге және университеттегі кәсіби әрі академиялық өсу мүмкіндіктері туралы оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.