12 қараша күні «Bolashaq» академиясы ЗУМ платформасында онлайн режимде СР проректоры Г.М.Рысмагамбетованың қатысуымен кураторлар Кеңесінің кезекті отырысы болды.
Күн тәртібінде кураторлар Кеңесінің оқу жылдарындағы жұмыс жоспары, студенттердің азаматтық көзқарасы мен патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі кураторлардың рөлі, оқыту және тәрбие жұмыстары бөлімінің жоспарына сәйкес іс-шараларға қатысуы, академиялық топ кураторларының жұмысын үйлестіру, бағыттау және бақылау сондай-ақ – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мәселері жайлы сөз болды.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу. Осы себеппен біздің оқу орнымызда оқитын, әрбір студент-жас сауатты болуы тиіс. Яғни, ішкі ережелерін орындап және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық және Қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды білуі міндетті.
Кураторлар Кеңесінде студент-жастардың құқықтық сауаттылықтарын қалыптастыру ісі және алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды.