“Қазақстандағы тарихи жады саясаты”сараптамалық кездесуіне қатысу

1990 жылдан бастап Қазақстанда тоталитаризм құрбандарының тарихи жадын сақтау және ақтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. 18 қыркүйекте “30-40-шы және 50-ші жылдардың басындағы заңсыз қуғын-сүргіндерден зардап шеккен ақталған азаматтарға көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы” ҚазССР Президентінің № 70 Жарлығы қабылданады. 1993 жылғы 14 сәуірде “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” заң қабылданды.

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. 1997 жыл Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды.

2011 жылы Жарлыққа маңызды толықтырулар енгізіліп, 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жарияланды.

2022 жылғы 31 Мамырда “Bolashaq” академиясының “Руханият” ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының және саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының мүшесі А. У. Аупенова халықаралық “Тарихтан тағылым – өткенге тағзым” / “Память во имя будущего”жобасы аясында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің25-жылдығына арналған орай ұйымдастырылған “

Қазақстандағы тарихи жады саясаты” атты сараптамалық кездесуге спикер ретінде қатысты.

Сарапшылар кездесуі Еуразия ұлттық университетінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілхановтың қатысуымен өтті.

Сараптамалық кездесу туралы ақпаратпен толығырақ төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады:https://dknews.kz/ru/v-strane/238297-pod-egidoy-assamblei-naroda-kazahstana-sostoyalas

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.