Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жобалық офисімен ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 10-р өкімімен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету мақсатында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесі туралы ереже және оның құрамы бекітілді. Жобалық кеңсенің басшысы – “Қаһармандар” республикалық қоғамдық қорының президенті С.А. Қасымов.

2022 жылғы 31 Мамырда “Bolashaq” академиясының “Руханият” ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының және саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының мүшесі А.У. Аупенова саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Жобалық кеңседе болды. Жобалық кеңсенің басшысымен және ғылыми қызметкерлермен жұмыс мәселелері талқыланып, одан әрі зерттеу бойынша ұсыныстар жасалды.

Сабыр Ахметжанұлы “Bolashaq” Академиясы “Руханият” ҒЗО-ға екі томнан тұратын құжаттар жинағын тапсырды:

“Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары (ХХ ғасырдың 20-50 жылдары)”. Т. 1. / Е.Т. Каринаның жалпы ред. Нұрсұлтан, 2022. – 622 б.ISBN 978-601-06-6611-5.

Жинаққа 1920-1950 жылдар аралығындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргіндер үшін негіз болған нормативтік құқықтық актілер мен құжаттар кірді. Құжаттардың басым бөлігі алғаш рет жарияланып отыр. Жинаққа енгізілген құпиясыздандырылған мұрағаттық құжаттар жаппай қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарына қатысты қуғын-сүргін саясатының құқықтық және саяси негіздерін, сондай-ақ нақты тетіктерін зерделеуге мүмкіндік береді. Жинақ маман – зерттеушілерге және оқырмандардың кең ауқымына арналған.

“Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары (ХХ ғасырдың 20-30 жылдары)”. Т. 2. / Е.Т. Каринаның жалпы ред. Нұрсұлтан, 2022. – 548 б.ISBN 978-601-06-6612-2.

Жинаққа ҚР Президенті Архивінің, ҚР орталық мемлекеттік архивінің және кейбір өңірлік архивтердің қорларынан табылған 1920-жылдардың аяғы мен 1930 – жылдардың басындағы Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттар ұсынылған. Құжаттардың негізгі бөлігі алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп, репрессиялық саясатты әзірлеу мен жүзеге асырудың, адамның экономикалық, әлеуметтік-саяси және мәдени құқықтарының, жеке меншіктің жаппай бұзылуының ерекшеліктерін ашады. Басылым маман-зерттеушілерге және кеңестік кезеңнің отандық тарихына қызығатын оқырмандардың кең ауқымына арналған.

Бұл материалдармен “Руханият” ҒЗО-да танысуға болады.

“Руханият” ҒЗО директоры А.У. Аупенова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.