“Жаңа жылдық қиялдар-2020” қалалық байқауына қатысу

“Bolashaq” академиясының Жастар ісі жөніндегі комитеті “Қазақтелеком” АҚ ТОАД филиалы Қарағанды қ. Белсенді сату орталығының (БСО) бөлімшесімен бірге 21-25 желтоқсан аралығында “Жаңа жылдық қиялдар-2020” жаңа жылдық байқауына қатысты.

“Жаңа жылдық қиялдар-2020” байқауы келесі номинациялар бойынша өткізілді:

– “Тышқанның қақпағы» ;

– “Жаңа жылға терезе»;

-“Барлық байланысшыларды құттықтаймыз!!!»;

– “Жыл символы 2021” -қарлы-мұзды мүсіндер байқауы;

– “Жаңа жылдық ашықхат”.

“Барлық байланысшыларды құттықтаймыз!” номинациясын таңдай отырып “Қазақтелеком” АҚ филиалының Қарағанды қ. Белсенді сату орталығы бөлімшесінің ұжымы ЖІК төрағасы М.К. Байшағыровтың басшылығымен жаңа жылдық бейне құттықтауын түсірді.

Байқау қорытындысы 2020 жылдың 28 желтоқсанында шығарылады.

Сілтеме: https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2020/12/Положение-о-конкурсе.doc

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.