Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған “Болашақ үшін естелік” халықаралық жобасына қатысу

Қазақстан Республикасында мемлекеттік деңгейде саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен эстафеталық қағидат бойынша әрекет ететін “Болашақ үшін естелік” халықаралық форумы басталды. Осы жобаны жыл сайын жүзеге асыра отырып, ҚХА тарихи мұраны сақтау процесіне жетекшілік етті.

2022 жылғы 29-30 мамырда “Bolashaq” академиясының “Руханият” ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптама тобының және саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының мүшесі А. У. Аупенова спикер ретінде Арқалық (Қостанай облысы) қаласында өткен “Тарихтан тағылым – өткенге тағзым” халықаралық жобасының аясында “Саяси қуғын-сүргін: тарих және қазіргі заман сабақтары” форумынаа “Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау және мәңгі есте қалдыру” тақырыбындағы баяндамамен қатысты.

Форумға Қазақстан Республикасының ғылыми және қоғамдық қоғамдастығының өкілдері, шетелдік зерттеушілер, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

“Саяси қуғын-сүргін: тарих және қазіргі заман сабақтары” Халықаралық форумы жұмысының бірінші күні Кейкі батырдың кесенесіне барудан басталды. Сонымен қатар, форумға қатысушылар Арқалық қаласындағы “Жас Ұлан” балалар – жасөспірімдер орталығы жүзеге асырып жатқан “Ауылым-алтын бесігім” жобасымен танысты. Форум қонақтары А. Байтұрсыновтың “Не жазып ем?” шығармасы бойынша жазылған (Арқалық облыстық қазақ жас көрермендер театры сахналаған) қойылымды көрді.

30 мамырда форумға қатысушылар А. Байтұрсынұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Пленарлық отырыс пен панельдік сессиялар Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында өтті.

“Болашақ үшін естелік” жобасы Тәуелсіз Қазақстан халқының ашық заманауи тарихи санасын қалыптастырудың іргетасының бірі болып табылады. Осы жоба шеңберінде өткізілетін іс-шаралар республикамыздың барлық этностары үшін бейбітшілік пен келісімнің берік іргетасын құра отырып, қуатты біріктіруші фактор ретінде танылады. Бұл жобаның идеологиялық мәні және зерттеу тақырыбы.

Форум туралы ақпаратпен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады:  http://wiedergeburt-kasachstan.de/pamyat-vo-imya-budushhego/

“Руханият” ҒЗО директоры А.У. Аупенова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.