Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай өткен мастер класс сабағы

27 наурызда Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы, К-20-1 тобында “Құрмалас сөйлем синтаксисі” пәнінен ашық семинар сабағы өтті.  Мастер класты өткізуші – пән оқытушысы, ф.ғ.д., профессор Сембиев Қ.З. және  спикер, К-20-1 тобының студенті Оразхан Айкенже.«Шартты бағыныңқылы сабақтас» тақырыбында өткен семинар сабағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналды. Мастер класқа оқу-әдістемелік кеңесінің мүшелері Жукобаев А.А., Таликова Г.Т., Арунова Ж.А., Косманова А. және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  оқытушылары: Абылбаева Б.А., Касетова Н.К., Смагулова М.С қатысып,өз ойларын ортаға салды.

 Ашық сабақ өте әсерлі өтті. Студенттер «Сабақтас құрмалас» және  «Салалас құрмалас» болып 2 топқа бөлінді. Сабақ 4 критерий бойынша өткізілді.

Студенттер М.Жұмабаевтың шығармаларын талдай отырып,өз білімдерін көрсетті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.