“Әдет-ғұрып құқық көзі ретінде” дөңгелек үстелі

22 сәуірде “Әдет-ғұрып құқық көзі ретінде” тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді заң пәндері кафедрасы мен Н. Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің Тарих және құқық Институтының Мемлекет және құқық теориясы және тарихы кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды. (Абакан қ., Хакасия Республикасы, Ресей Федерациясы).

Іс-шара Қазақстан, Ресей және басқа елдердің мемлекеттік-құқықтық жүйелерін қалыптастыру мен жұмыс істеудегі әдет-ғұрыптың рөлін талдау мақсатында өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына “Әділет” студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері, кафедра оқытушылары қатысты.

Дөңгелек үстелде з.ғ.к., профессор А.Т. Қабжанов, доцент С. А. Кенжина, студент Д. Жаңабаев және т. б. сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар әдет-ғұрыптың мемлекеттік-құқықтық жүйелерді қалыптастырудағы және жұмыс істеудегі рөлін талқылады, құқық институттары мен мемлекет дамуының өзекті мәселелерін қарастырды.

Доцент С.А. Кенжинаның, Д. Жаңабаевтың Қазақтың әдет-ғұрып құқығы мен билер сотына арналған баяндамалары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады.

“Әділет” студенттік ғылыми үйірмесінің жетекшісі Жумжумаев Н.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.