Гуманитарлық педагогика орталығының мүшесі, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасының доценті Шалтаева Роза Жиембайқызы «Табиғат – тіршілік нәрі» республикалық қашықтық конкурсына қатысуға ДОВ-19-2-к тобының студенті Метелова Раушанды дайындады.
Байқау Қазақстан Республикасының Білім беру мекемелерінің студенттері мен оқушыларын зерттеу жұмыстарына ынталандыру мақсатында «Мұрагер» зияткерлік порталымен өткізілді.
29.11.2021 (18:00) жарияланған байқау нәтижелері бойынша «Оқу рефераты студенттердің өзіндік жұмысының бір түрі ретінде» номинациясы бойынша Метелова Раушанның ғылыми жұмысы I дәрежелі дипломға ие болды.




Роза Жиембайқызы Шалтаеваны, Раушан Метелованы қол жеткізген жетістіктерімен құттықтаймыз және одан әрі ғылыми жетістіктер тілейміз!