Жаңа кітап жарық көрді

Қарағанды қаласының «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры М.Хамзиннің «Өмір өрнектері» атты кітабы жарыққа шықты. Кітапқа әр жылдары газет-журналдарда жарияланған мақалалар енген. Автор жарты ғасырдай ғұмырын білім мен ғылым саласына арнағандықтан публистикалық еңбектердің басым бөлшегі оқу мен тәрбие, ғылым көкжиегін кеңейтуге негізделген және кітап осы салалар бойынша айрықша еңбек сіңірген танымал азаматтарға арналған. Тұтастай алғанда,   негізгі идеясы тәуелсіздігін жариялаған егемен еліміздің рухани, саяси дамуындағы өзекті деп табылатын мәселелерді басты проблема етіп алған.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.