Ақпанның 1 – і мен 14-і аралығында” Bolashaq ” академиясы студенттері арасында онлайн форматта Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты Ахмет Байтұрсыновтың дүниетанымын және оның рухани мұрасын жастар арасында насихаттау, алғашқы қазақ тілтанушы-ғалымының адамгершілік өмірімен, қайраткердің бай өлеңдік – поэтикалық шығармашылығымен таныстыру болды.
Екі апта бойы 17 қатысушы бірінші орынға таласты. Қатысушыларға лайк, пікірлер мен репостарды жинау арқылы өздерін жариялау керек болды, содан кейін байқаудың Ұйымдастыру комитеті қорытынды жасады.
Қазылар алқасы өз таңдауын жасады және нәтижесі төмендегідей болды:
І орын – Жолтай Айболған (К-19-1)
ІІ орын-Хайыржанова Перизат (ФМ-20-2)
ІІІ орын-Гиберт Ксения (Ю-21-1)
“Bolashaq” академиясының ректоры Меңлібаев Қ.Н.байқау жеңімпаздарына дипломдар табыстады.