«Балалар жылы: Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта» атты «PARASAT CUP -2022» республикалық дебат турнирі

       9-10 сәуір күндері «Amanat» партиясы Қостанай облыстық филиалының қаржыландырумен «Балалар жылы: Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта» атты «PARASAT CUP -2022» республикалық дебат турнирін өтті.
  Жоғарыда аталған турнирге «Bolashaq» академиясының атынан «Bolashaq debate» клубы қатысты.  Турнирге жалпы 8 қаладан (Ақтөбе, Орал, Павлодар, Нұр Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Арқалық,) 11 Жоғары оқу орындарынан 15 дебат клубынан 32 команда 64 спикер қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша:
1-орын – Қарағанды қаласы “Жүрегімді жаралама” фракциясы (Тұңғышбек Арман, Бисолтан Айсұлу)
2 – орын Павлодар қаласы “1/2/2022” фракциясы (Сахимзадинова Айсана, Ералы Нұрхан)..
3 – орын Ақтөбе/Орал “Ағабек үшін” фракциясы (Сарымсақов Айымбек, Қуаныш Ақнұр).

Ал «Bolashaq debate» клубының «Бесінші хокаге» фракциясы (Төкен Мөлдір және Оразхан Айкенже) финалдық топ-5 команданың тізіміне енді. Турнирдің жоғары деңгейде өткізгені үшін «PARASAT» дебат клубының мүшелеріне алғысымызды білдіреміз! Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.