Магистранттардың диплом алу рәсімінен көрініс

2023-2024 оқу жылының желтоқсан айында Қарағанды «Bolashaq» Академиясы қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 8 магистранты диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғап өткен еді. 2024 жылдың 5 наурызында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 7В01702-«Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасы 2 курс магистранттарына диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Шараға академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі қызметкерлері, кафедра оқытушылары мен қонақтар қатысып түлектерге алдағы кәсіби және ғылыми салада еңбектеріне табыс тіледі. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы меңгерушісі Қ.З.Сембиев оқу бітірушілерді құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Магистранттар атынан Г.Б. Жаркеева, А.Смықова академия ұжымына шын жүректерінен алғыстарын білдірді.

Магистратурадан алған білімдеріңіз болашақта ғылыми-зерттеу, оқытушылық және кәсіпкерлік қызметтерде сенімді әрі табысты болады деп сенеміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.