СӨС. Туберкулез, қызылша және дерматомикоздың алдын алу

2024 жылдың 5 наурызында студенттер Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен кездесті.

Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылы аурумен күресу компаниясы “Туберкулезбен күресуге өз үлесіңді қосатын кез келді” деген ұранмен өтеді. Жалпы Қазақстанда негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштердің төмендеуі байқалады, соңғы бес жылда туберкулезбен сырқаттанушылық 1,3 есеге төмендеді.

Бас маман Ә.Т. Омар туберкулездің қоздырғышы, клиникасы, алдын алу шаралары туралы айтты. Ол флюорографиялық тексерудің маңыздылығын атап өтті. Қарағандыдағы жылжымалы флюорографиялық қондырғының жұмыс кестесімен таныстырды.

Бас маман А.С. Сәтбай қызылша бойынша жыл басынан бергі Қазақстан мен Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. 14 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған балалар жиі ауыратынын атап өтті. Қызылша жоғары жұқпалы және ауыр асқынулармен сипатталады. Қызылша вакцинамен басқарылатын инфекция екенін ескере отырып, қазіргі уақытта ҚР-ның барлық емдеу мекемелерінде бұрын егілмеген балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қосымша иммундау жүргізіледі.

 Жетекші маман Т. Б. Кнашева дерматомикоз және қышыма туралы айтты.                     

Дерматомикоздар-паразиттік саңырауқұлақтар тудыратын жұқпалы аурулар. Клиникаға сәйкес олар жұмсақ терінің, бас терісінің, қолдың, аяқтың және тырнақтың микоздарына бөлінеді. Инфекция науқас адаммен тығыз байланыста болған кезде, тұрмыстық заттарды бірге қолданған кезде, қоғамдық орындарға (монша, бассейн) барған кезде пайда болады.

Қотыр-қышыма кенесі тудыратын жұқпалы тері ауруы. Адамнан адамға тығыз дене байланысы арқылы немесе қышымамен ауыратын науқастың тұрмыстық заттары, киімімен байланыс, қол алысу арқылы беріледі. Қышыманың негізгі симптомы-қатты қышу, көбінесе кешке және түнде пайда болады.

Дерматомикоздың және қышыманың алдын алу үшін басқа адамдардың киімін, қолғаптарын, сүлгілерін, шүберектерін қолдануға болмайды. Қоғамдық орындардан, көлікпен сапарлардан үйге оралғаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз. Кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болыңыз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.