Біз сені жақсы көреміз, Болашақ!

“Boolashaq” академиясының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы өз әріптестеріне көрсеткен қамқорлығы және Алғыс айту күнінде азық-түлік себеті түріндегі сыйлық үшін жоғары оқу орнының басшылығына алғыс білдіруді жалғастыруда.

Сондай-ақ әріптестер мен олардың отбасы мүшелері өздерінің әлеуметтік желілері беттерінде басшылыққа алғыс сөздерін жазады.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Мен, Шакитаева Торғын Базылқызы, фармацевтикалық пәндер кафедрасына аға оқытушы болып орналасқаныма аз ғана уақыт болды. «Bolashaq» Академиясы Орталық Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ішіндегі беделді, абыройлы, білікті мамандар дайындап шығаратын білім ордасының бірі екендігіне және ұйымшыл ұжымда қызмет атқарып жатқаныма қуаныштымын.

Бүгін Академиядан азық-түлік себетін алуым – мен үшін күтпеген тосын сый болды.

«Алғыс айту күнін» пайдалана отырып, академия ректоры Қ.Н.Меңлібаев мырза бастаған ұжымның басшылығына алғысымды жеткізгім келеді.

Оқытушылық-профессорлық құрамның білім нәрімен сусындатқан болашақ мамандары әлі талай биіктерді бағындырып, «Bolashaq» академиясының мәртебесін асқақтатады деген сенімдемін!

Шәкітаева Т.Б., фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

Бүгін Қазақстанда Алғыс айту күні. Бұл күн қазақтарда Жаңа жылдың алғашқы күнін білдіреді. Және ризашылықтан басталады. Мен жоғары оқу орныма және оның басшылығына алғысымды білдіргім келеді. Мұндай күні барлық қызметкерлер жағымды тосынсыйға ие болды: “Жағымды”екі пакет. Қамқорлықты сезіну өте жақсы. Барлығымызға бірдей қамқорлық жасадыңыз. Рахмет, туған “Болашак”! Біз сізге алғыс айтамыз!

Кітапхана меңгерушісі Шведова Алла Анатольевна

Пакеттің ішінде осындай дәм-тағамдар бар.. Bolashaq академиясы жыл сайын Алғыс айту күніне орай осындай тосын сый жасайды… Керемет! Өміріміз мәнді, дастарханымыз дәмді болсын!

Райхан Налжигитовна Исмаилова, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті

Қазақ үшін жыл басы болып есептелетін көктемнің бірінші наурызымен тұспа-тұс келіп отырған Алғыс айту күніне орай BOLASHAQ академиясы жылдағы дәстүр бойынша қызметкерлер мен мұғалімдерге сый-сияпатын тарту етіп, қуанышқа кенелтті. Bolashaq академиясының әкімшілігіне алғысымыз шексіз! Мың алғыс саған, BOLASHAQ!

Нуржигитова Марал Мухсиновна, “Болашақ-Баспана” РҚБ басшысы”

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.