“Алғыс айту күні” кураторлық сағаты

Алғыс айту күніне орай фармацевтикалық пәндер кафедрасының студенттері мен куратор-эдвайзерлері 2021 жылдың 1 наурызында онлайн режимінде тақырыптық кураторлық сағат өткізді.

Бүгін 1-ші наурыз – Алғыс айту күні. Мейірімділік пен жақсылық жасайтын күн деп есептеледі.

Елімізде 1 наурыз – «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын.

2021 жылдың 1 наурызында «Bolashaq» академиясы, фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Калдыбаева Айгуль Кудайбергеновна Фм 18-3 тобында «1 Наурыз – Алғыс күні» кураторлық сағатын өткізді. Алғыс күніне арналған «Благодарность — признак благородства души» дәрісі оқылып, халқымыздың қиын-қыстау заманда басқа ұлт өкілдеріне жасаған жақсылықтары жайлы айтылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды ортаға салып, ой бөлісті. Топ студенті Саркен Айзат аталмыш күнге арнап дайындаған презентациясымен таныстырды.

Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Фм 18-3 топ студентері өздері білім алып жүрген «Bolashaq» академиясына, оның ішінде фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушыларына өз алғыстарын жаудырды!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.