Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат

9 ақпанда “Bolashaq” академиясының студенттері “Өнер баршаға” пилоттық жобасы аясында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

Студенттер мұражай экспозициясының 16 залда орналасқанын және әр залда белгілі бір тақырыптағы экспонаттар тобы бар екенін көрді. Мұнда планетада тіршіліктің пайда болуымен байланысты әртүрлі заттар, біздің дәуірімізге дейінгі XVIII–XV ғасырлардағы археологиялық олжалар мен палеонтологиялық экспонаттар, Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін қоса алғанда, Қазақстанның флорасы мен фаунасы ұсынылған. Дәстүрлі қазақ қоғамы , этнография және сәндік-қолданбалы өнер туралы, қала мен көмір бассейнінің құрылысы мен дамуы туралы, космонавтика туралы, өлкенің алғашқы зерттеушілері: Русаков, Гапеев, Сәтпаев туралы және қазақ мемлекеттілігін құрушылар: “Алаш” автономиясы және “Алаш-Орда” партиясы туралы баяндайтын залмен танысты. 100 орындық залды барып көрді.

Мұражайға бару студенттерге жағымды әсер еткеніне ерекше назар аудару керек, өйткені олар мұражайдың материалдық және рухани мәдениеттің шынайы ескерткіштерінің қоймасы ретіндегі ерекшелігін және мұражай ақпаратының ерекшелігін дұрыс түсінеді.

Студенттер тарихи-өлкетану мұражайына барғанына риза болды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.