Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылдың 24 сәуірінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Шахтинск қаласы мектептерінің түлектерімен кездесулер өткізілді: Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы, С. Асфендияров атындағы ЖББМ, А. Бөкейханов атындағы мектеп-лицей, Е. Бөкетов атындағы ЖББМ, №6, №7 ЖББМ, Шахан, Долинка және Новодолинка кенттерінің ЖББ мектептері.

Кездесуге оқытушылар Н.Т. Ахметова, Тукубаева Г.Н. Таликова Г. Т. , Алексеева. Е.А. Мақажанова Г.Б., Косманова А. Б., Нұртаева Д.Б., Көпжасарова С.И. және Абдрешева М.К. қатысты.

Мамандық таңдау мәселесі әрдайым жоғары сынып оқушыларының алдында тұрады, ал қазір ол біздің қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты өзекті болып отыр.

Оқушылар белсенді қатысып, қабылдау шарттарына байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Біздің ЖОО-ның негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары және оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі туралы ақпарат берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.