«Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетігі ретінде» вебинары

2020 жылғы 21 қазанда «Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетігі ретінде» вебинары өтті, оның спикері «Bolashaq» академиясының проректоры, ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Ботагөз Тельманқызы Ахметова болды.

Вебинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру барысында мұқият зерделеуді талап ететін факторлар қаралды.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында көрініс тапты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.