“Jauhar” поэзия клубының кезекті жиыны

30 наурыз күні “Bolashaq” Академиясында “Jauhar” поэзия клубының кезекті кеші өтті. Кештің тақырыбы: “Бейімбет Майлинге – 130 жыл”.
Кеш басында Бейімбет Майлиннің өмірбаянына тоқталып, шығармашылы туралы баяндама оқылды.


Бұл іс-шараға 1 курс студенттері қатысып, ақынның поэзиялық шығармаларын оқыды. Нақтырақ айтқанда Құнанбаев Серікбол «Рәзия қызы», Жақсылыкова Дана «Маржан», Калабаева Мерей «Өтірікке бәйге» өлеңдерін оқып берді.
Кеш барысында студенттер ақын шығармашылығы, өмірбаяны туралы ой бөлісіп, талқылауға салды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.