Құралбай Несіпбекұлына мәңгі есімізде……

29.03. күні «Bolashaq» Академиясы білім ордасында   Құралбай Несіпбекұлына арналған еске алу күні жоғары денгейде өтті. Барша ұйымдастырушыларға мын да бір алғыс.

Академик Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы жоғары білім беру жүйесіндегі ғалым педагог және ұйымдастырушы ретінде Қарағанды өңірі мен жалпы Қазақстанға танымал адам еді.

Құралбай Несіпбекұлының академия педагогтарына жасаған еңбегі өте зөр болды. Ол кісінің арқасында талай білім беру бағдарламасы ашылып, қазір де жүзеге асырылуда. Сол іс, оның арманы болатын, үнемі педагогикалық институт ашу керек деп жүретін. Сол өсиетін ұмытпайық, әрі қарай жалғастырайық. Құрекенің ансаған арманы зая кетпесін десек, педагогтарды дайындауды  бұдан да жоғары деңгейге көтере берейік!

«Өлі разы болмай, тірі байымас» –  дейді қазақ! Осындай ардақты азаматты үнемі еске алып, оның жасаған істерін жастарға үлгі етіп, ары қарай жалғастырсақ деген үлкен үміт бар.

Джоан Роулинг айтқандай: «Адам тек кана ақырғы естелік жойылғанда ғана өледі» – деген, сондықтан біздің құрметті академик Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаевты мәңгі есте сақтайық, ол туралы естелік ешқашан таусылмайды!

Құралбай Несіпбекұлының жаны жұмақта болсын! Артында қалған ізбасарларына  Құрекенің аруағы қорғау болып, біздің академиямыз биік  белестерден  көріне берсін!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.