«Азаматтық құқықты білесіз бе?»

2024 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім) пәнінен «Азаматтық құқықты білесіз бе?» тақырыбында жоғары оқу орындары арасында викторина өтті.

Бұл викторинаға Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының командалары қатысты: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің командасы – «NATUS VINCERE», Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің командасы – «ЮРИСТОКРАТ», Қарағанды «Bolashaq» Академиясының командасы – «ӘДІЛЕТ», Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының командасы – «АЛАШ ЗАҢГЕРЛЕРІ».

Викторина 4 турдан тұрды:

1-тур – сәлемдесу бейнеролигі және «ТВ Бинго» ойыны арқылы сұрақ-жауаптарға жауап беру форматында өтті;

2-тур – командалардың тестілеу сұрақтарына жауап беруі;

3-тур – жағдаяттық тапсырмаларды шешу;

4-тур – капитандар арасында эссе жазу бойынша сайысы және сұрақ-жауаптарға жауап беру форматында өтті.

Викторинаның қорытындысы бойынша 3-орынға Қарағанды «Bolashaq» академиясының «Әділет» командасы ие болды.

Викторинаға қатысушылар да алғыс хаттармен марапатталып, олардың ең белсенділері номинацияларды жеңіп алды.

Викторинаның барлық қатысушыларын құттықтаймыз және бұдан да үлкен жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.