“Әл-Фараби-әлемдік тұлға ” конференциясының қорытындысы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды белгіледі. Жолдауда талантты оқушылардың қабілеттерін анықтау, дамытудағы басымдықтардың негізгі мазмұны атап өтілді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы, “Bilim-órkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу оралығы – екінші ұстаз, ғалым-энциклопедист Әл-Фарабидің мұрасын насихаттау мақсатында өскелең ұрпақтың ХХІ ғасырдағы экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылатын адами, ғылыми әлеуетін одан әрі сақтауына және арттыруына ықпал ету үшін ұлы ғалымның 1150 жылдық мерейтойына арналған “Әл-Фараби- әлемдік тұлға”” Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына бастамашылық жасады

Қазылар алқасы шығарған республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша “Bolashaq” академиясының жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы және Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы Әлия Укужановна Аупенова мен Анна Николаевна Калижанова кәсіби шеберліктерін көрсеткені үшін грамоталармен марапатталды.

Іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізілді:

-елімізде білім беру мен тәрбие сапасын арттыру бойынша инновациялық идеяларды ұсыну;

-өскелең ұрпақтың зияткерлік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамытудың өзектілігі;

-ұрпақты тәрбиелеуге теріс әсер ететін проблемаларды жою және шешу жолдары;

-білім алушыларды білім мен ғылымға ынталандыру идеялары мен тетіктерін ұсыну;

-әлемдік тәжірибеге сәйкес білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамыту жолдары;

-өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ұлттық, патриоттық білімнің маңызы;

-бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу мен қалыптастырудағы жаңашыл бағыттар.

Оқытушылар өз жұмыстарында Trello және Moodle мысалында оқытуда веб-платформаларды қолданудың практикалық тәжірибесін жинақтады, сондай-ақ “БҰҰ Моделі” ойын-конференциясын қазақстандық жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырудың интерактивті бағыты ретінде қарастырды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыс пен амандық тілейміз.

ЖБП кафедрасының аға оқытушысы Аупенова А. У.,

Шет тілдер және МК кафедрасының аға оқытушысы Калижанова А. Н.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.