Академия ректоры бекіткен 2020-2021 оқу жылына арналған Академиялық күнтізбе шеңберінде және оны орындау үшін 2021 жылғы 09 маусымда сағат 10.00-де Moodle платформасында «Bolashaq» Академиясының заң пәндері кафедрасында 8D04201 – «Құқықтану» (ғылыми және педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасының PHD докторанттарының докторлық диссертациясын алдын ала қорғауы өтеді.
Алдын ала қорғаудан өтеді:
Жантасова Әмина Дулатқызы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің құқықтық режимі» тақырыбында.
Ғылыми кеңесші – Бекишева С.Д., з.ғ.д., профессор, шетелдік ғылыми кеңесші – заң ғылымдарының докторы, Волгоград мемлекеттік университетінің азаматтық және халықаралық жеке құқық кафедрасының профессоры Анисимов Алексей Павлович;
Курентаев Али Хамитович «Сотталушыны қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалардың орындалуын құқықтық реттеу» (альтернативті жазалар)» тақырыбында.
Ғылыми кеңесшісі – Токубаев З.С., з.ғ.д., профессор, шетелдік ғылыми кеңесші – Арабаев А.А., з.ғ.д., профессор (Халықаралық басқару, құқық, қаржы және бизнес академиясы, Бішкек қаласы);
Сиубаева Нұрсұлу Жеңісқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілер» тақырыбында.
Ғылыми кеңесшісі-Кабжанов А.Т., з.ғ. к., профессор, шетелдік ғылыми кеңесшісі – Тхабисимова Людмила Аслановна, з. ғ. д., профессор (Пятигорск мемлекеттік университеті, Ресей).
Докторлық диссертацияларды алдын ала қорғауды қабылдау жөніндегі комиссия:
Комиссия төрағасы – Арыстанбеков Марат Ақытұлы з.ғ.д., «Bolashaq»академиясының заң пәндері кафедрасының профессоры.
Комиссия мүшелері:
Нұрғалиев Бақыт Молдатияұлы – з.ғ.д., «Bolashaq» Академиясының заң пәндері кафедрасының профессоры;
Серимов Елеужан Елемесович – з.ғ.к., «Bolashaq» академиясының заң пәндері кафедрасының доценті;
Малдыбаев Асхат Маратұлы – з.ғ.к., «Bolashaq» академиясының заң пәндері кафедрасының доценті;
Окашев Рүстем Даниярқожаұлы – п. ғ. к., «Bolashaq» академиясының заң пәндері кафедрасының доценті;
Комиссия хатшысы:
Ахметова Әсел Қасенқызы-з.ғ.м., «Bolashaq» академиясының заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы
Ескертпе:
Ғылыми жетекшілер мен эдвайзерлерден аталған іс-шараны өткізудің барлық қажетті техникалық және дидактикалық құралдарымен қамтамасыз етілуін және алдын ала қорғауға қатысуға ниет білдірушілердің қатысуын сұраймыз.
Докторанттар кафедраның электронды мекен-жайына барлық қажетті құжаттардың электронды нұсқаларын жіберуі қажет: upp_2009@mail.ru.