Олжас Сүлейменовке 85 жыл

“Өнер шекараны білмейді. Барлық уақытта және барлық елдерде ол жақсылық, махаббат, әділеттілік идеалдарына қызмет етті, жоғары моральдық құндылықтарды растады. Өнердің мәдени сан алуандықты, ұлттық өзіндік ерекшелікті, халық дәстүрлерін сақтаудағы, туған жерге және өз тарихына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудегі маңыздылығын асыра бағалау қиын”.
Олжас Сүлейменов.

2021 жылдың 8 мамырында қазақстандықтардың сүйетін ақын, жазушысы, қоғамдық-саяси қайраткер, түрколог, “Невада-Семей” халықаралық антиядролық қозғалысының негізін қалаушы, Л.Н. Гумилев ЕҰУ ЮНЕСКО кафедрасының профессоры , “Мәдениеттерді жақындастыру орталығы” мемлекеттік мұражайының директоры Олжас Омарұлы Сүлейменов 85 жасқа толды!

Құрметті Олжас Омарұлы! “Bolashaq” академиясының гуманистік педагогика орталығының студенттері сізді туған күніңізбен құттықтайды ! Сізге зор денсаулық, қуаныш, ұзақ ғұмыр тілейді!

Студенттер 2018 жылдың қараша айында “Bolashaq” академиясы ұйымдастырған “Рухани жаңғыру” бағдарламасы – “Руханият пен адамгершілік ағарту мен мәдениеттің негізі ретінде” шеңберіндегі халықаралық ғылыми – практикалық конференциясындағы Сізбен болған ұмытылмас кездесуді жүрек жылуымен еске алады.

Студенттер өздерінің жеке сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алуға бірегей мүмкіндік алды.

Толеранттылыққа, бейбітшілікке, білімге деген сүйіспеншілікке толы сөздердегі есте қаларлық дәйексөздер тек жасампаздыққа ынталандырады!

“Біз үлкен кеңістікте таралған елміз, барлық мәдениеттермен ұшырасатын ұлтпыз. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Мұны игілік үшін пайдалану керек. Егер біз ақырында: “өзіміздікін жоғалтпай, өзгені игеру қағидаты” бойынша әрекет етсек, тиімді пайдалана аламыз” (Олжас Сүлейменов)

Гуманистік педагогика орталығының директоры Г. К. Бокижанова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.