Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының жүлдегерлері анықталды. Биыл 40-қа жуық жас қаламгер бақ сынаған. Көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің дәстүрлі облыстық әдеби-шығармашылық байқауы алтыншы мәрте өткізілуде. Өткен жылдары 16 мен 35 жас аралығындағы барлығы 300-ден астам жас қаламгер бақ сынаса, биыл 40-қа жуық үміткер проза, публицистика жанрларында шығармаларын ұсынған. Байқауға “Bolashaq” академиясы атынан қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Кабай Күннұр қатысып, 2- орын мен 100 мың ақшалай сыйлықты қанжығасына байлады.
You may also like
2021 жылдың 30 қаңтарында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, “Bolashaq” Академиясының профессоры Сембиев Құрманғазы Закирович Қарағанды қаласының 93 […]
Мен, Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс, яғни КР-19-1 тобының студенті Мұхамеджан Әсем, қазір Ұлытау […]
ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ” КЕАҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ “ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ТУРАЛЫ […]
“Bolashaq” академиясы алғаш рет жаңа технологияларды игеріп, тәжірибе жинақтады. Бұл дағдылар мен жұмысын жоғары білікті қызметкерлер қамтамасыз ететін қазіргі заманғы техникалық базаның […]