2021 жылғы 5 ақпанда филология ғылымдарының кандидаты, «Bolashaq»академиясының профессоры Ибраева Баян Мұқышқызы өзінің 65 жылдық мерейтойын атап өтті. Сүйікті оқытушысын және әріптесін туған күнімен құттықтау үшін шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының әр жылдардағы түлектері, Баян Мұқушевнаның әріптестері жиналып, өздерінің сүйіспеншіліктері мен ризашылықтарын білдірді. Эксклюзивті әндерді жасаушы Бақтияр Төлепбековтың орындауында […]
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы №63 «Ғылыми атақ беру туралы» бұйрығына сәйкес «Bolashaq» Академиясының заң пәндері кафедрасының оқытушылары з.ғ.к. Рысмағамбетова Гүлнар Мусиевна мен з. ғ.к., доцент Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызына 12.00.00 – Құқықтану мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми […]
Заң пәндері кафедрасының доценті Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызын «ЖОО үздік оқытушысы – 2020» байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз! «ЖОО үздік оқытушысы» атағына еліміздің 48 ЖОО-нан 150 адам ие болды. Конкурс жеңімпаздарына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі. Байқауға Республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер […]
2021 жылдың 12 қаңтарында «Bolashaq» Академиясы және Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы» КМҚК өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты академия студенттерінің мәдени-эстетикалық дамуын ұйымдастыру бойынша бірлескен қызметті дайындау және жүзеге асыруға бағытталған «Bolashaq» академиясы мен Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының серіктестік […]
«Ortalyq Qazaqstan» облыстық газеті 2021 жылғы 8 қаңтарда ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, ЖБО кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Хамит Күрентайұлы Оразбаевтың посткеңестік кеңістікте тәуелсіздік алған мемлекеттердегі тарихты жаңғырту туралы пайымдау жүргізілетін «Фольк-хистори» – трендке айналды» атты мақаласын жариялады. Мақаланы оқыңыз:
Сіздерді Жаңа 2021 жылмен құттықтаймыз және өмірдегі барлық игіліктерді тілейміз!!! Бұрын тілектер ашық хаттарда жазылатын, ал қазір барлығы бір-бірін интернетте құттықтайды. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының онлайн-бағдарламасы да ашық хатқа арналған. https://vk.com/club165617913?z=video-165617913_456239297%2F1616da5d5ddcfb7ec6%2Fpl_wall_-165617913 Бұл бағдарламада сіз ашықхаттың қандай түрлері бар екендігі, қандай функцияларды орындағандығы және неге ашықхат деп аталатындығы туралы біле […]
2020 жылдың 14 желтоқсанында онлайн форматта № 101 мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушылары профессор, филология ғылымдарының докторы, Еңбек ардагері және «Bolashaq» академиясының ардагері Хамзин Мауенмен кездесті. Оқушылар профессорға сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Әрине, профессор М. Хамзиннің білім беру саласына сіңірген еңбегі де назардан тыс қалған жоқ. Мәуен Хамзин – 150-ден […]
2020 жылдың 28 қазанынан 25 қарашасына дейін Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Шет тілдер факультеті базасында корпоративтік байланыстар мен академиялық коллаборацияны дамыту, білім алушылардың ғылыми қызметте және шет тілді дайындықта ынтасын арттыру мақсатында Ataturk University-мен (Түркия) бірлескен «Science and Technology» халықаралық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. ISMA University, Riga (Latvia), […]
2020 жылдың 3 желтоқсанында онлайн режимінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері» атты вебинар өтті. Іс-шараның спикері «Bolashaq» академиясының проректоры, ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Ботагөз Тельманқызы Ахметова болды. Вебинарға Қарағанды ЖОО студенттері, белсенді шығармашыл жастар қатысты. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы […]
2020 жылдың 10 желтоқсаны күні фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Қалдыбаева Айгүл Құдайбергенқызы Теміртау қаласының «№2 ЖББОМ» КММ ұжымы ұйымдастырған тікелей эфирдегі «Өнегелі өмір жобасы «Дана тұлғалардың дара жолы» атты сыр-сұхбатта «қонақ» болып қайтты. Zoom платформасында өткен сұхбаттасуда 8 «А» сынып оқушылары өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, болашақ […]
Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті өзінің ресми сайтында аталған іс-шараға белсенді қатысқан заң пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамын атап өте отырып, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге, есірткі саудасы мен адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған онлайн режимде өткізілген дөңгелек үстел туралы ақпаратты жариялады. Дереккөз :http://khsu.ru/news/v_xgu_obsudili_voprosyi_protivodejstviya_korrupczii ХМУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл […]
Қарағанды облысында үздік мектеп психологтары таңдалды. Үздіктердің ішінен ең үздіктерін қатысушылардың үш санатынан таңдады. 3 жылдан 7 жылға дейінгі еңбек өтілі категориясында, өзінің әсіби қызметін Балқаш қаласының Абай атындағы №2 лицейінде атқарып жүрген «Bolashaq» Академиясының Педагогика және психология кафедрасының түлегі Айсұлу Төлетаева үздік атанды. Жарысты Қарағанды облысының білім басқармасы, білім […]
2020 жылдың 6 қарашасында M. NARIKBAYEV KAZGUU University – де Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың қатысуымен «Қазақстан студенттерінің Альянсына – 15 жыл» конференциясы өтті. Сондай-ақ, шараға қатысуға ниет білдірушілер Zoom платформасында онлайн режимінде қосыла алды. Білім және ғылым министрі студенттер Альянсы аясындағы жоғары оқу орындарының қызметі, жоғары оқу […]
«Bolashaq» академиясының түлектері өздерін өмірдің түрлі салаларында тамаша мамандар ретінде көрсетті. Олар өз салаларында кәсіби маман ретінде шыңдалып жоғары биіктерден көрінуде. Арман Қанафин – Академияның заң пәндері кафедрасының 2008 жылғы түлегі, ол Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің бөлімше инспекторы лауазымында кәсіби қызметін жүзеге асыруда. Арманның қызметтік міндеттерін орындау құзыреттілігін, кәсіби қызметін атқаруын […]
2020 жылдың 29 қазанында «Руханият» ҒЗО -ның директоры А.У. Аупенова «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы» КМҚК ұйымдастырған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына және саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қазақстанның Ұлы Отан соғысы […]