“Bolashaq” академиясы мен Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою

2021 жылдың 12 қаңтарында “Bolashaq” Академиясы және Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының “Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы” КМҚК өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты академия студенттерінің мәдени-эстетикалық дамуын ұйымдастыру бойынша бірлескен қызметті дайындау және жүзеге асыруға бағытталған “Bolashaq” академиясы мен Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының серіктестік қарым-қатынастарын орнату және ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту болып табылады.

“Bolashaq” академиясы және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуда:

  • бірлескен жобаларды өткізу;
  • академия студенттерінің мұражай өткізетін іс-шараларға тікелей қатысуы.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде көрініс тапты.

Дереккөз: https://vk.com/wall-165617913_722

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.