2024 жылғы 23 ақпанда «Психология және Педагогика» жалпы білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық (үзіліссіз) практиканың қорытынды конференциясы өтті. дПип-22-1к тобының студенттері облыстың жалпы білім беретін мектептерінде өткізілген тәжірибе бойынша өз есептерін қорғады. Студенттерге тәжірибе барысында өздерінің жетістіктері мен қол жеткізген табыстарын көрсетуге мүмкіндік берілді. Студенттер тәжірибе барысында сыныпқа, оқушыға бақылау […]
Жаңалықтар
2024 жылғы 23 ақпанда “Bolashaq” Академиясында “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” атты дәстүрлі, жыл сайынғы республикалық ғылыми-практикалық конференция (халықаралық қатысумен) өтті. “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” конференциясының негізгі мақсаты – студенттердің, магистранттардың, докторанттар мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, бірыңғай халықаралық […]
2024 жылдың 26 ақпанында «Педагогика» кафедрасының эдвайзері А.М. Тәжинин Қарағандының 90 жылдығына орай орыс бөлімшесінің «Педагогика және Психология» білім беру бағдарламасының студенттерімен ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат барысында студенттермен Қарағандының пайда болу тарихы, қала атауының шығу тегі, қаламыздың жетістіктері туралы әңгіме жүргізілді.
«Bolashaq» Академиясының қолдауымен 2024 жылдың 23 ақпанында «Жастар және қазіргі заманауи әлемдегі мәселелер» тақырыбында өткен студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясының филология бағыты бойынша секциялық мәжілісі өтті. «Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы» атты №5 секция жұмысына қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, жалпы орта білім беретін мектептер […]
2024 жылғы 23 ақпанда «Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері»атты жыл сайынғы республикалық ғылыми-практикалық конференция (халықаралық қатысумен) өтті. «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» секциясына барлығы 32 жұмыс келіп түсті, оның 19-ы қазақ тілінде, 13-і орыс тілінде ұсынылды. Новосибирскіден бір жұмыс ұсынылған. Қалған жұмыстар Қазақстаннан, оның ішінде 5 баяндама «Bolashaq» Академиясынан. 28 […]
2024 жылдың 22-23 ақпанында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастырылуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» бойынша республикалық семинар өтті. Аталған семинарға барлық жоғары оқу орындарының, оның ішінде ішкі істер және қорғаныс, төтенше жағдайлар министрліктерінің оқу орындарының, Бас […]
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!! «ТІЛ – ҚАЗЫНА – 2024» Қарағанды, Ұлытау және т.б. барлық облыс орта мектептері мен лицей, гимназияларының 11-сынып оқушылары СІЗДЕРГЕ арналады!!! Егер СІЗ бір жыл бойы ТЕГІН ОҚЫҒЫҢЫЗ келсе, онда бізге келіңіз!!! «BOLASHAQ» Академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 15.03.2024ж дәстүрлі «ТІЛ – ҚАЗЫНА – 2024» олимпиадасын өткізеді. «Мейірімділік әлемді құтқарады!» тақырыбында эссе жазып, конкурсқа […]
2024 жылғы 23 ақпанда «Bolashaq» Академиясында маңызды ғылыми кездесу – өзекті тақырыпты талқылауға бағытталған халықаралық қатысумен «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті: Бұл іс-шараға 200-ден астам қатысушы жиналды, оның ішінде студенттер, магистранттар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, гимназиялар мен мектептердің мұғалімдері бар, бұл оның ауқымы мен маңыздылығын […]
2024 жылдың 22 ақпанында «Нашақорлық – барлығының қасіреті» тақырыбында пікірталас түріндегі кураторлық сағат өтті. Аталған кураторлық сағатқа аға эдвайзер М. К. Абдрешеваның жетекшілігімен Ин-22-1,2 Шет тілі: екі шет тілі ББ тобының студенттері қатысты. Мақсаты: студенттердің есірткіге деген теріс көзқарасын дамыту, өмірдің ғажайып екенін түсінуге көмектесу, салауатты өмір салтын насихаттау. Пікірталас […]
Осындай тақырыппен 6В04201 – Құқықтану білім беру бағдарламасының топ кураторы Л.М.Жунусова Ю-21-2, Ю-23-2 топтарының студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында студенттер тақырып бойынша нашақорлық, есірткі заттар мен психотроптық заттар, олардың түрлері, қазіргі қоғамдағы баса назар аударатын қылмыс түрлері екендігі туралы талқылады. Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke– мелшию және manіa – […]
Талапкер міндеті – мамандық таңдауда және таңдаған мамандығы аясында сапалы білім беретін оқу ордасын таңдауда қателеспеу. Бір қарағанда, қарапайым, алайда ғылым мен технология бәсекесі күшейген заманауи қоғамда әрбір талапкерді шындап ойландыратын, әрбірінің алдынан шығатын маңызды мәселе. Қазақ тілінің әлеуметтік мәні күн өткен сайын тереңдеп, дәл осы бағытта білім беретін маманға […]
https://inkaraganda.kz/novosti/regiony/pedagoga-iz-balhasha-nazvali-luchshim-prepodavatelem-kazahskogo-jazyka-i-literatury-v-karagandinskoj-oblasti/
6 ақпан күні Жастар ісі жөніндегі комитет және “Болашақ” республикасының белсенді студенттері қатарымызға жаңадан қосылған 1 курс студенттерімен кездесу өткізді.Кездесудің мақсаты – студенттерді академияның өмірімен және “Болашақ” республикасының жұмысымен таныстыру.Кездесу барысында студенттерге Жастар ісі жөніндегі Комитеттің жұмысын таныстырып,академиялық іс-шаралардың маңыздылығы айтылды.Алдағы уақытта студенттерге сәттілік тілей отыра, академия өміріндегі белсенділіктерін күтеміз.
7 ақпан күні “Bolashaq” Академиясының студенттері қаламыздың орталық саябағындағы мұз айдынында коньки тебуге барды. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттер арасындағы тату, достық қарым-қатынасты жақсарту. Студенттер мұз айдынында айтарлықтай көңіл көтеріп, уақыттарын тамаша да қызықты өткізді.
https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2024/02/%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D1%8B-%D0%BE%D1%82%D1%87%D0%B5%D1%82%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8-%D0%BF%D0%BE-%D1%8F%D0%B7%D1%8B%D0%BA%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D0%B9-%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B5.docx Бұйрыққа қосымша