Студенттердің назарына!

Құрметті білім алушылар!

Сіздің білім беру бағдарламаңызды таңдау компонентіне кіретін пәндерді оқу үшін сіздерге белгіленген кредиттер шеңберінде элективті пәндерге жазылу рәсімінен өту қажет. Элективті пәндерге жазылу “Platonus” ЖОО АЖ онлайн режимінде жүзеге асырылады.

Элективті пәндерді таңдау белгіленген мерзімде (26.02.24-2.03.24 ж.аралығында) өтеді.

Элективті пәндерге сәтті жазылу үшін танысуларыңызды сұраймыз:

-“Bolashaq”Академиясының сайтында элективті пәндер каталогымен;

-нұсқаулармен ;

-Элективті пәндер курсында Moodle порталындағы презентациялармен.

Сіз таңдаған элективті пәндер сіздің жеке жоспарларыңызда көрініс табады.

Сіздің өтініштеріңіз таңдау процедурасы аяқталғаннан кейін бір апта ішінде қаралады. Бүкіл курс білім алушыларының өтінімдері негізінде оқыту тілін, рентабельділікті және таңдалған элективті пәнді ескере отырып топтар құрылады.

Офлайн режимде айналысатын бірінші курс үшін пәндерді таңдау аудиторияларда қосымша уақытта жүзеге асырылады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.