Үздік жас ғалым-2021

2021 жылдың 20-21 сәуір айында жас ғалымдар, студенттер, магистранттар және докторанттар арасында Халықаралық жас ғалымдар ассоциясының (Қазақстан, Нұр-Сұлтан) ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған халықаралық жоба аясында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын Тәуелсіз мемлекеттер достығы «Үздік жас ғалым – 2021» атты талантты жас ғалымдардың кітап жинағының ІІІ-ші шығарылымы жарияланды. Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылды.Бұл аталған жобаға «Bolashaq» академиясы, заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Гүлім Қожахметовна Отыншиева  қатысып, «Үздік жас ғалым – 2021» халықаралық үздік жас ғалымдардың кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Үздік жас ғалым – 2021» медалі және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.