ПиП ББ (бакалавриат) Академиялық комитетінің отырысы

2024 жылғы 17 сәуірде 6В01101 – “Педагогика және психология” ББ бойынша Академиялық комитеттің отырысы өтті.

Отырысқа Академиялық комитеттің мүшелері және жұмыс беруші ретінде жалпы білім беретін мектептердің өкілдері қатысты. Педагогика кафедрасының меңгерушісі Абдрахманова Алуа Сабитовна Академиялық комитет мүшелерін таныстырды, оның құрамында: Абдрахманова Алуа Сабитовна, пс.ғ.к., доцент, педагогика кафедрасының меңгерушісі; Асакаева Дана Саламатовна, п.ғ.к., педагогика кафедрасының доценті; Турсунова Салтанат Алданышқызы, Қарағанды қ. “№85 жалпы білім беретін мектеп” КММ директоры; Изтулеуова Сәуле Далбайқызы, “Bolashaq” Академиясының түлегі, Қарағанды қ. “№16 жалпы білім беретін мектеп” КММ директоры; Магавьянова Карина Самаловна, педагог-психолог, Қарағанды қ. “№86 жалпы білім беретін мектеп” КММ және Пип-22-1 тобының студенті Хусаинова София болды.

Отырыста жұмыс жоспары қабылданып, білім беру бағдарламасы, 2024 жылғы оқу жұмыс жоспары талқыланды, ПиП ББ-ға жұмыс берушілер ұсынған өзгерістер мен толықтырулар қаралды.

“№85 жалпы білім беретін мектеп” КММ директоры С. А. Тұрсынова оқытылатын пәндерде түлектерді мектепке жұмысқа орналасуға ынталандыру қажеттігін атап өтті.

ПиП тобының 2 курс студенті Хусаинова София пәндерді оқуда, әсіресе мектеп оқушыларымен психологиялық кеңес беруде психологиялық компонентті күшейтуге баса назар аударды.

Академиялық комитет өкілдері алдағы уақытта жалпы орта білім беру шеңберінде мектептермен тығыз байланыс және қазіргі нарықта бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау бойынша бірлескен жұмыс қажет екенін атап өтті. Білім беру бағдарламаларын талқылау барысында жұмыс берушілер өз ұсыныстарын білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.