“Үмбетей жырау өмірі мен шығармашылығы” ашық сабағы

«Bolashaq» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Р.Н.Исмаилова  қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы К-19-1 тобында «Үмбетей жырау өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында MOODLE платформасында онлайн ашық сабақ өткізді.

Ашық сабаққа академия әкімшілік тарапы, ОӘК мүшелері мен кафедра оқытушылары қатысты.

Сабақ барысында оқытушы танымдық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатта студенттердің өзіндік іс – әрекетін ұйымдастыру, қарым – қатынас ынтымақтастығын қалыптастыру,  жағымды психологиялық  қолайлы ахуалды қамтамасыз ету сынды іс-әрекеттер ұйымдастыра білді.

 Инновациялық технологияны пайдалану – өмір талабы. Оқытушы инновациялық және интерактивтік әдістемелерін пайдалана отырып, сабақты тиімді өткізе білді. Тақырыпқа сай бейнежазба, аудио, слайд, деректі ақпараттар, фильмдерден үзінді, тест тапсырмалары т.б. тиімді пайдаланылды. Сондай-ақ, сабақта уақытты қолданудың ұтымдылығы, іс – әрекеттердің түрлерінің ауысу және кезекпен келуі, сабақ қарқынының оптималдығы оң нәтижесін берді.

Сабақта жаңа әдістерді пайдалану арқылы сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми зерттеулерге сүйене отырып,студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуді  жүзеге асыра білді.

Үмбетей-Тілеуұлы

ҮМБЕТЕЙ-ТІЛЕУҰЛЫ

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.