ПМНО ББ академиялық комитетінің отырысы

2024 жылғы 17 сәуірде ZOOM платформасында 6В01301 “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” ББ академиялық комитетінің отырысы өтті.

Отырысқа академиялық комитеттің мүшелері және жұмыс беруші ретінде жалпы білім беретін мектептердің өкілдері қатысты.

Педагогика кафедрасының меңгерушісі Абдрахманова Алуа Сабитовна 2024-2025 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарын ұсынды және, әлуа Сәбитова білім беру бағдарламасының мақсаты мен құзыреттілік картасымен таныстырды.

“Педагогика” кафедрасының доценті Дана Саламатқызы Асакаева педагогика кафедрасының академиялық комитеті кафедраның білім беру процесін басқарудың алқалы консультативтік-ұсынымдық органы, 6В01301 –”Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасын талқылау орталығы болып табылатынын атап өтті.

Отырыста жұмыс берушілер ұсынған ПМНО ББ өзгерістері мен толықтырулары қаралды. Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Қалимаш Амангелдіқызы Сарбасова 2024-2025 оқу жылына арналған 6В01301 – “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” ББ құру жөніндегі академиялық комитеттің құрамымен таныстырды.

Қалимаш Амангелдіқызы 2024-2025 оқу жылына арналған 6В01301 – “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасының жұмыс оқу жоспарына “Көркем еңбекті оқыту әдістемесі” пәнінің орнына “Еңбекке оқытуды оқыту әдістемесі” және “Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі”, “Бастауыш мектепте сауаттылық пен жазуды оқыту әдістемесі” пәндері енгізілгенін хабарлады.

Қарағанды қаласының №23 жалпы білім беретін мектебінің директоры Балмұханова Дина Көшербайқызы оқу жұмыс жоспарына енгізілген пәндердің қажеттілігі туралы айтты. Осы білім беру бағдарламасымен дуалды жүйеде жұмыс істеудің тиімділігі туралы айта келе, наурыз айында “Педагогика” кафедрасы “Мұғалімдердің кәсіби дамуы. Педагогикалық шеберлік” семинарын жоғары деңгейде ұйымдастырғанын атап өтті.

  Осы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалдыбаева Баян Ибишевна педагогикалық және өндірістік практика бойынша ұсыныстар берді.

М. Жұмабаев атындағы гимназия КММ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Уатаева Гүлнара Сұлтанмұратқызы оқу жұмыс жоспарына енгізілген өзгерістерге тоқталып, “Мемлекеттік тілде іс жүргізу” пәні болашақ мамандарға қажет екенін атап өтті..

Академиялық комитет өкілдері алдағы уақытта жалпы орта білім беру шеңберінде мектептермен тығыз байланыс және қазіргі нарықта бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау бойынша бірлескен жұмыс қажет екеніне тоқталып өтті. Білім беру бағдарламаларын талқылау барысында жұмыс берушілер өз ұсыныстарын білдірді.

                               “Педагогика” кафедрасының аға оқытушысы Сарбасова К.А.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.