Педагогика кафедрасының “Қазақтану” Лекториясына қатысуы: қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау”

2024 жылғы 16 сәуірде сағат 11.00-де А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау мақсатында “Қазақтану” дәрісханасы өтті.

Осыған байланысты, іс-шарада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Шанай Назипа Ыдырысқызы және республикалық “Заң” газетінің парламенттік тілшісі Тұрмағанбетова Айша Құрманғалиқызы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ ғылыми-зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы сөз сөйледі.

Іс-шараға қатысушылар ЖОО оқытушылары, Қарағанды қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ студенттер болды. Аталған іс-шараға “Bolashaq” Академиясынан “Педагогика” кафедрасының аға оқытушысы Г.С. Махмутова қатысты.

Іс-шара әңгіме түрінде өткізілді, бұл ретте Қазақстан Республикасының жалпыұлттық бірлігінің өзекті мәселелері, Интернеттің оң және теріс жақтары туралы мәселе көтерілді. Студенттер белсенді қатысып, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.