7М01101 “Педагогика және психология” (Магистратура) білім беру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі Академиялық комитеттің отырысы

2024 жылғы 17 сәуірде “Педагогика және психология” (Магистратура) 7М01101 ББ-ға 2024-2025 оқу жылына қабылдау үшін білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша кафедра Академиялық комитетінің отырысы өтті.

ББ талқылауына педагогика кафедрасының ПОҚ, Академиялық комитет мүшелерімен, академияның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен бірге жұмыс берушілер, магистранттар, түлектер, сондай-ақ, Қарағанды “Өрлеу”филиалының өкілі, “Педагогика және пәндік әдістер” кафедрасының аға оқытушысы – Нұртазина Майра Бахытқызы, жұмыс беруші ретінде жалпы білім беретін мектептердің өкілдері: Изтулеуова Сәуле Далбайқызы – Қарағанды қ. “№16 жалпы білім беретін мектеп” КММ директоры, Тұрсынова Салтанат Алданышқызы-Қарағанды қ. әкімдігінің “№85 жалпы білім беретін мектеп” КММ директоры, Магавянова Карина Самалқызы-педагог-психолог, Қарағанды қ. “№86 жалпы білім беретін мектеп” КММ, және “Еркөстік “бөбекжай-бағы” КМҚК педагог-психологы Боранбай Қаламқас Қуанышқызы қатысты.

Академиялық комитет академиялық комитет мүшелері, жұмыс берушілер және кадрларды сапалы даярлауға мүдделі түрлі әлеуметтік әріптестер тарапынан түскен ұсыныстардың негізінде “Педагогика және психология” МББ ББ-ке өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізді.

Магистратура бойынша 7М01101 “Педагогика және психология” ББ әзірлейтін Академиялық комитеттің құрамына:

  1. Абдрахманова Алуа Сабитовна – пс.ғ.к., доцент, педагогика кафедрасының меңгерушісі;
  2. Шутенова Сабира Сартайқызы-педагогика кафедрасының аға оқытушысы;
  3. Тұрсынова Салтанат Алданышқызы-Қарағанды қаласы әкімдігінің “№85 жалпы білім беретін мектеп ” КММ директоры
  4. Изтулеуова Сәуле Далбайқызы – “Bolashaq” Академиясының түлегі, Қарағанды қ. “№16 жалпы білім беретін мектеп” КММ директоры
  5. Магавьянова Карина Самаловна-педагог-психолог, Қарағанды қ. “№86 жалпы білім беретін мектеп” КММ.
  6. Боранбай Қаламқас Қуанышқызы-магистрант, МПП-23-1с тобы

Отырыс барысында академиялық комитеттің қатысушылары кадрлық қамтамасыз етуді, білім беру бағдарламасының ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуін, практика базаларымен қамтамасыз етілуін, ББ іске асырудың әдістемелік қамтамасыз етілуін ескере отырып, ББ әзірлеу және жаңарту бойынша өз ұсыныстарын айтты.

ББ бойынша ақпаратты қарастыра отырып, 2023-2024 оқу жылымен салыстырғандағы өзгерістер: атап айтқанда ББ пәніне: “Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің қызметін ұйымдастыру“, сондай-ақ балама пәндер: “Кәсіби қарым-қатынас этикасы”, “Бос уақыт қызметінің педагогикасы” енгізілді. МЖМБС және “Педагог” КС сәйкес оқыту нәтижесі түзетілді.

“Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің қызметін ұйымдастыру” пәнін зерделеу білім беру сапасын және кәсіптік дағдыларды игеру тиімділігін арттыруға және түлектерге кәсіптік стандарттар шеңберінде жұмысқа орналасудың барынша мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2024-2025 оқу жылына арналған 7М01101 “Педагогика және психология” ББ бекіту қабылданды.

Отырыс соңында қаралған маңызды мәселелер, қойылған міндеттер мен ұсыныстар одан әрі жұмыс істеуге ықпал ететін болады.

Педагогика кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Сабира Сартайқызы Шутенова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.