Кураторлар кеңесі отырысы

Куратор – ЖОО оқытушысының кәсіби функцияларының бірі. Топ кураторының функцияларын орындайтын оқытушы – студенттер мен Академия  өмірінің күрделі құрылымы арасындағы делдал болып табылады. Куратор – жоғары оқу орындарында студенттермен тәрбие жұмысын жүргізу кезіндегі негізгі тұлға.

12 қаңтарда «Bolashaq» академиясы ӘТЖ проректоры Р.Н.Исмаилова кураторлық жұмыстың сапасын бақылау, кураторлар қызметін ұйымдастыру және тәрбие жұмысының әдістемелік – ұйымдастырушылық сапасы мен тиімділігін арттыруда кураторларға жүктелген жұмыстардың нәтижелері жайлы Кураторлар кеңесінің отырысын өткізді.

Кеңейтілген мақсатта өткен отырысқа аға кураторлар мен академиялық  топ кураторлары  қатысты.

Жиналыс екі сатыда өтті. Бірінші кезекте топ кураторлары күндізгі және ҚОТ топтарындағы жұмыс жоспарларының орындалу барысына тоқталды.

Куратор-эдвайзердің тәрбие қызметінің аса маңызды бағыттары студенттердің жоғары оқу орнына бейімделуі, студенттерге әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты ұтымды өткізу мәселелері, студенттік топта достықты, қайырымдылықты, бірлікті, өзара қолдауды қалыптастыруы болып табылады. Кураторлар осы мәселелер барысында атқарылған жұмыстарға нақты тоқталып, талдау жасап өтті.

Сондай-ақ, оқу ақысын және оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыруды бақылауды қолға алу жұмыстары жайлы есеп берді.

Екінші кезекте, аға кураторлар тəрбие жұмысының бағыттары, рухани-адамгершілік, қоғамдық-саяси жəне құқықтық, патриоттық жəне  ұлтаралық, мəдени-эстеттикалық жəне этномəдениеттік, парасаттылық, ақыл-ой, ғылыми зерттеушілік,   экологиялық,  экономикалық, салауатты өмір салты тұрғысында атқарылған және жоспарға сай алдағы жұмыстар барысы жайлы ақпарат берді.

Аға кураторлар презентация ақпаратына   топ кураторларының  өз тобы туралы  егжей-тегжейлі сипаттамасы түрінде жұмыс есебін дайындауы,студенттік топтағы оқу істері туралы, студенттердің сұранысы, қажеттіліктері, семестр қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп, кураторлық журналдар және басқа да қажетті құжаттарды кафедраның аға кураторына уақтылы ұсынуы жайлы мәліметтерді жинақтаған. Жалпы Кеңес төрағасы атқарылған  жұмыстардың  орындалуы барысына  оң бағасын берді. Куратор-эдвайзер оқу  жылы барысындағы өзінің қызметін нақты жоспарға сай орындалуына тоқталып, куратор-эдвайзерлерге  арналған біліктілікті арттыру курстарына және семинар-тренингтерге қатысуға бағыт-бағдар берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.