Жұмыс берушілермен кездесу

2024 жылғы 19 сәуірде Қарағанды қаласының “Жұлдыз” бөбекжай/балабақшасы базасында жұмыс берушілермен кездесу өтті. Кездесуге Педагогика кафедрасының 6В01201 – “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” ББ оқытушылары мен студенттері: п.ғ.к., доцент Шалтаева Роза Жиембаевна. п.ғ.м., аға оқытушы Жанысбаева Роза Мазраповна, ДОВ 20-2 тобының 4 курс студенттері Әбіш Толғанай, Бөкен Алтанцэцэг қатысты. Іс-шара қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының директорлары мен әдіскерлерінің қатысуымен өтті.

Түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың одан әрі қарайғы еңбек қызметі көптеген білім беру ұйымдары үшін, оның ішінде біздің ЖОО үшін де өте өзекті тақырып болып табылады. Жұмыс берушілермен ынтымақтастық бізге осы күрделі тапсырманы орындауға көмектеседі. Кездесуде білім беру ұйымдарындағы инклюзия мәселелері талқыланды. Шалтаева Роза Жиенбайқызы мектепке дейінгі ұйым педагогтарымен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы мастер-класс өткізді.

Жанысбаева Роза Мазрапқызы тәрбиешілерге ерекше балалармен жұмыста білім беру міндеттерін шешу үшін қандай дидактикалық ойындарды қолдануға болатынын көрсетті.

“Дарынды бала” бөбекжай / балабақшасындағы әріптестер өздерінің жұмыс тәжірибесі туралы айтып, өз қызметінің негізгі бағыттарымен бөлісті. Қолданылатын кадр саясаты жас мамандарды тартуға бағытталған іс-шаралар кешенін көздейтініне назар аударып, қызметкерлер үшін жасалатын жағдайлар, жалақы деңгейі, перспективалық өсу мүмкіндіктері, оқыту, сондай-ақ болашақ мамандарға қойылатын талаптар туралы толық көлемде айтып берді.

Кездесу өте жайлы және достық жағдайда өтті. Мұндай кездесулер өте маңызды, өйткені олар студенттерге жұмыстың мазмұны жағынан да, оның шарттары тұрғысынан да әлеуетті жұмыс берушілердің ұсыныстары туралы ақпарат беруге, сондай-ақ олардың болашақ кәсібінің ерекшеліктері туралы тікелей білуге мүмкіндік береді және оларға болашақ жұмысқа орналасу және өзін-өзі жүзеге асыру мәселесін шешуге сенімділік береді. Кәсіптік оқыту кезеңінде өндірістік практикадан өту мүмкіндігі туралы мәліметтер алады.

П.ғ.к., Педагогика кафедрасының доценті Шалтаева Р. Ж.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.